Футболдан Конференция лигасы: бүгін сегіз ойын өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі UEFA Конференция лигасының 1/16 финалында сегіз ойын өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың аталған сатысында барлығы сегіз ойын белгіленген.

Басты матчтың бірі ретінде «Спортинг Брага» (Португалия) мен «Фиорентина» (Италия) кездесуін айтуға болады. Өз елінің біріншілігінде алдыңғы қатардан көрініп жүрген командалар аталған еурокубок додасында бас жүлдеден басты үміткер саналып отыр.

Жарыстың аталған сатысындағы ойындар кестесі төмендегідей:

22:45. «Спортинг Брага» (Португалия) - Фиорентина (Италия)

22:45. «Бодо-Глимт» (Норвегия) - «Лех» (Польша)

22:45. «Трабзонспор» (Түркия) - «Базель» (Швейцария)

22:45. «Карабах» (Әзербайжан) - «Гент» (Бельгия)

1:00. «Лацио» (Италия) - ЧФР (Румыния)

1:00. «Лудогорец» (Болгария) - «Андерлехт» (Бельгия)

1:00. «Шериф» (Молдова) - «Партизан» (Сербия)

1:00. «АЕК Ларнака» (Кипр) - «Днепр-1» (Украина).

Қарымта ойындар 23 ақпанға белгіленген.

Конференция лигасының финалы 7 маусымда Чехия астанасы Прага қаласындағы «Фортуна» стадионында өтеді.

Айта кетсек, 16 ақпанда UEFA Еуропа лигасының 1/16 финалдық ойындары болады.


Соңғы жаңалықтар