Футболдан Конференция лигасы: «Астананың» ойынын әлемнің 120 елі тамашалай алады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Конференция лигасындағы елордалық «Астана» клубының Финляндияның КуПС командасымен кездесуін әлемнің 120 елінде тамашалауға мүмкіндік жасалды. Бұл жөнінде «Астана» футбол клубының бас директоры Давид Лория өзінің Іnstagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздерге сүйінші хабарды жеткізгім келеді. Бізге Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысындағы «Астана» мен КуПС клубының қарымта кездесуін тарату жөнінде маңызды келісім жасаудың сәті түсті. Сол арқылы әлемнің 120 елінің жанкүйерлері аталған ойынды тамашалауға мүмкіндік алады. Кездесу «Еларна» және «Kazakh TV» телеарналары арқылы тікелей эфирде таратылады», - деп жазды ол.

Айта кетерлігі, бүгінде «Kazakh TV» телеарнасы Еуропаның Щығыс және Батыс бөліктерінде, Оңтүстік және Орталық Америкада, Австралия мен мұхит аймағында, Солтүстік Африкада, Таяу Шығыста, Азия мен Оңтүстік Кавказда хабар таратады.

«Бұл отандық футболды насихаттау барысында жасалған оң қадам деп санаймын. Біз Финляндияда өткен алғашқы кездесуде қолайлы нәтижеге қол жеткіздік. Бейсенбі күні барлығымыз біздің клубтың жеңісіне қуанатын боламыз», - деп көрсетті ол.

Еске салсақ, елордалық клуб үшінші іріктеу сатысындағы алғашқы кездесуде Финляндияның КуПС клубымен 1:1 есебімен тең ойнады.

Конференция кубогында «Астана» екінші іріктеу сатысында Грекияның «Арисін» (2:0, 1:2) жеңген болатын.


Соңғы жаңалықтар