Футболдан Конференция кубогында «Қызылжар» «АПОЭЛ» командасына жол берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысында Петропавлдың «Қызылжары» Кипрдің «АПОЭЛ» командасымен қарымта ойын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы минуттан «Қызылжар» құрамында Лобанцев, Тапалов, Гурман, Каршакевич, Мужек, Бушман, Мартинс, Коне, Подио, Лобжанидзе, Яковлев ойын көрсетті.

Кездесу барысында командалар бір-бірінің қақпасы маңында жиі шабуыл жасады. Екеуінің таблодағы есепті өзгертетін мүмкіндігі болған еді. Дегенмен, оны дұрыс пайдалана алған жоқ.

Кездесуде командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Алғашқы кездесуде кипрлік клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті. Екі ойынның нәтижесімен олар плей-офф сатысына жолдама алды .

Дәл қазір Қостанайда «Тобыл» мен Босния және Герцоговинаның «Зриньски» клубының кездесуі өтіп жатыр. Есеп 1:1. Алғашқы кездесуде босниялық команда 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Айта кетсек, «АПОЭЛ» командасы 1926 жылы құрылған. Өзінің елінде 28 мәрте чемпиондық атақты жеңіп алды. Бұған дейін еурокубок ойындарында қазақстандық командалармен жеті мәрте кездесті. Оның алтауында елордалық «Астанамен» шеберлік байқасты.

Алдымен 2015/16 жылғы кезеңде Чемпиондар лигасы төртінші іріктеу сатысында оларға (0:1, 1:1) жол берді. Одан кейін 2016/17 жылғы кезеңде Еуропа лигасында В тобында екі ойында (2:1,1:2) бір-бір мәртеден жеңіске жетті. Ал 2018/19 жылғы кезеңде Еуропа лигасы төртінші іріктеу сатысында (1:0, 0:1 пенальтиден 1:2) тағы да жеңілді.

«АПОЭЛ» бұған дейін «Астана арена» стадионында қазақстандық клубтарды жеңіп көрген емес. Бұл жолы да сол сәтсіздіктен айналып өте алған жоқ.




Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар