Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты Жапонияда өтеді

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты 2021 жылы Жапонияда өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын аталған дода Катарда 2021 жылдың 1-11 ақпан аралығында өткізіледі деп жоспарланған болатын. FIFA басшылығы осы орайда жаңа шешімге келді. Клубтар арасындағы әлем чемпионаты сол жылдың желтоқсанында Жапонияда болатыны нақтыланды.
Аталған доп додасы 2000 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінгі күнге дейін 16 мәрте ұйымдастырылды. Чемпиондық атаққа Испанияның «Реал Мадрид» 4, «Барселона» 3, Бразилияның «Коринтианс» 2, «Интернасьонал», «Сан-Паулу», Англияның «Ливерпуль», «Манчестер Юнайтед», Италияның «Милан» «Интер» және Германияның «Бавария» командалары ие болды.
2019 жылы «Ливерпуль» командасы жеңімпаз атанған болатын. Биылға жоспарланған доп додасы коронавирус инфекциясына байланысты өткізілмей қалды.
- Беларусь 2021 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды
- Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
- Төлеби ауданында спорттық нысандар бой көтереді
- Қазақстандық Олимпиада чемпионы допинг үшін спорттан шеттетілді
-
Су добы: Қазақстан қыздар құрамасы Олимпиада жолдамасына таласады
-
Хоккей: Әлем чемпионатының финалдық кезеңі Беларусьте өтпейді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам