Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты: «Аль-Хиляль» жартылай финалға шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мароккода футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатында жартылай финалға шыққан алғашқы команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ширек финалдағы алғашқы кездесуде «Видад» (Марокко) және «Аль-Хиляль» (Сауд Арабиясы) командалары кездесті.

Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Десе де бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Екінші кезеңде «Видад» сапынан Эйуб эль Амлуд 52-минутта бір гол соқты. Бұдан кейін де командалар есепті өзгертетін мүмкіндікті іздеді.

Ойынның 94-минутында Сауд Арабиясы клубынан Мохаммед Канно таразы басын теңестірді.

Ойыннның негізгі кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталып, овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Ал пенальти тебуде «Аль-Хиляль» командасының жолы болды. Осылайша жартылай финалға жолдама алды.

Енді жартылай финалда 7 ақпанда Бразилияның «Фламенго» командасымен кездеседі.

Сондай-ақ, қазір «Сиэтл Саундерс» (АҚШ) және «Аль-Ахли» (Египет) командалары шеберлік байқасуда. Жеңімпаз команда 7 ақпанда «Реал Мадрид» (Испания) клубына қапсылас атанады.

Египеттік клуб бұдан бұрын «Окленд Сити» (Жаңа Зеландия) командасын 1:0 есебімен қапы қалдырған еді.

Турнирдің 3-орын үшін сайыс пен финалы 11 ақпанға белгіленген.

Аталған турнир 2000 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұған дейін 11 команда жеңімпаз атанды.


Соңғы жаңалықтар