Футболдан Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталды

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында футболдан 21 жасқа дейінгі жастар арасында 2023 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан жастары I тобына түсті. Қарсыластары - Дания, Бельгия, Түркия және Шотландия құрамалары.

Өзге құрамалар төмендегіше топтарға бөлінді.

A тобы: Хорватия, Австрия, Норвегия, Финляндия, Әзербайжан, Эстония.

B тобы: Германия, Польша, Израиль, Венгрия, Латвия, Сан-Марино.

C тобы: Испания, Ресей, Словакия, Солтүстік Ирландия, Литва, Мальта.

D тобы: Португалия, Грекия, Исландия, Беларусь, Кипр, Лихтенштейн.

E тобы: Нидерланды, Швейцария, Болгария, Уэльс, Молдова, Гибралтар.

F тобы: Италия, Швеция, Ирландия, Босния және Герцеговина, Черногория, Люксембург.

G тобы: Англия, Чехия, Словения, Албания, Косово, Андорра.

H тобы: Франция, Сербия, Украина, Солтүстік Македония, Фарер аралдары, Армения.

Турнирдің іріктеу сатысындағы топтық кезең 2021 жылдың наурызы мен 2022 жылдың маусым айына дейін болады. Финалдық кезең 2023 жылдың маусым-шілде айларында Румыния мен Грузия елдерінде өтеді. Онда барлығы 16 құрама сынға түседі.

Естеріңізге сала кетелік, еліміздің 21 жасқа дейінгі жастар құрамасын Қайрат Нұрдәулетов жаттықтырады.


Соңғы жаңалықтар