Футболдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Бұл қызметті 42 жастағы Александр Москаленко атқаратын болды. Александр Москаленко футболшылық ғұмырында «Болат» (Теміртау), «Восток» (Өскемен), «Жеңіс» (Астана), «Алма-Ата» (Алматы) және «Қайсар» (Қызылорда) клубтарында ойнады. Бапкерлік мансабын 2011 жылы Теміртаудың «Болат» командасында бастады. Онда төрт жыл қызмет атқарғаннан кейін «Қайсардың» командасының жаттықтырушылар құрамына енді. 2018 жылы «Екібастұзды» жаттықтырып, сол жылдың наурызында елордалық «Астана» командасының жаттықтырушылар құрамын толықтырды.

Оның көмекшісі болып соңғы жылдары Қазақстан Ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабында қызмет атқарған Қайрат Нұрдәулетов тағайындалды. Қайрат Нұрдәулетов ұлттық құраманың капитаны болды. Оның қатарында 35 матч өткізіп, 5 гол соқты. Сонымен қатар, Алматы футболының түлегі ЦСКА-Қайрат (Алматы), «Есіл-Богатырь» (Петропавл), «Қайрат» (Алматы), «Ертіс» (Павлодар), «Тобыл» (Қостанай), «Астана» және «Қайсар» (Қызылорда) футбол клубтарында ойнады.

Бұған дейін футболдан суперкубок ойыны Алматыда өткізілетіні хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар