Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Ұлттар лигасының алдағы ойындарына шақырылған футболшылардың тізімдерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан футбол федерациясы мәлім еткеніндей, 11 қазанда Михал Билек шәкірттері Албания құрамасын қабылдайды.

Матч Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді.

Ал 14 қазаннан 15 қазанға қараған түні Қазақстан сырт алаңда Беларусь құрамасымен ойнайды.

Ел құрамасының оқу-жаттығу жиыны 5 қазанда басталады.

Негізгі құрам:

Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Дмитрий Непогодов («Астана»), Владимир Плотников («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков («Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп (екеуі де - «Қайрат»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Ян Вороговский («Беерсхот», Бельгия), Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де - «Тобыл»), Александр Марочкин («Қайсар»), Олжас Керімжанов («Жетісу»), Тимур Досмағамбетов («Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан («Аль-Айн», БАӘ), Бактиёр Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Исламбек Қуат («Химки», Ресей), Юрий Перцух («Астана»), Айбол Әбікен («Қайрат»), Асхат Тағыберген, Думан Нәрзілдаев (екеуі де - «Қайсар»), Владислав Васильев («Рух», Беларусь);

Шабуылышлар: Абат Айымбетов («Қайрат»), Алексей Щёткин («Астана»), Максим Федин («Қайсар»), Айбар Жақсылықов («Жетісу»).

Ұлттық құрамаға Беларусь чемпионатының жоғары лигасында «Рух» клубында өнер көрсететін В.Васильев те шақырту алды. Ол 25-турдың қорытындысы бойынша үздік ойыншылардың қатарына кірді.

Қосалқы құрам:

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Тобыл»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко (екеуі де - «Астана»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»), Александр Соколенко («Қызылжар»);

Жартылай қорғаушылар: Аслан Дарабаев («Жетісу»), Азат Нұрғалиев, Серікжан Мужиков (екеуі де - «Тобыл»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Қайрат»);

Шабуылшылар: Тоқтар Жаңғылышбай, Сергей Хижниченко (екеуі де - «Ордабасы»), Бауыржан Тұрысбек («Тараз»), Роман Муртазаев, Оралхан Өміртаев (екеуі де - «Тобыл»), Артур Шушеначев («Қайрат»).

Жаттықтырушылар штабы: Михал Билек – бас бапкер, Михал Хипп – бас бапкердің көмекшісі, Қайрат Нұрдәулетов - бас бапкердің көмекшісі, Марат Еслямов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Николай Родионов – қақпашылардың бапкері.


Соңғы жаңалықтар