Футболдан Қазақстан суперкубогы: «Тобыл» финалда «Астанамен» кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 2 наурызда футболдан 2021 жылғы суперкубогында финалға шыққан тағы бір команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін жартылай финалда Қостанайдың «Тобылы» мен Алматының «Қайраты» кездесті. Ойын тартысты өтті деуге негіз бар. Командалар негізінен шабуылға жиі шығып жатты.
Есепті 9-минутта «Тобыл» ойыншысы Асхат Тағыберген ашты. Ойынның 40-минутта «Қайрат» сапынан Небойша Косович таразы басын теңестіріп кетті.
Екінші кезеңнің 67-минутында алматылық Артур Шушеначев өз командасын алға шығарды. Бұдан кейін қостанайлық клуб сапынан Сергей Малый 73, Серікжан Мужиков 75-минуттарда мергендік танытты. Ал 90-минутта алматылық клуб футболшысы Гүлжігіт Алықұлов гол соғып, қайтадан таразы басы теңесті. Негізгі кезең 3:3 есебімен тең аяқталып, кездесу пенальти тебуге ұласты. Бұл жолы «Тобылдың» мерейі үстем болып, қостанайлық клуб финалға шықты.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Астана» финалға шықты.
Үшінші орын үшін сайыс 5 наурызда болса, финал 6 наурызға белгіленген.
Айта кетейік, аталған доп додасы Түркістан қаласындағы «Түркістан-арена» стадионында өтуде.
Аталған турнирдің жүлде қоры 40 миллион теңге. Ол жеңімпаз және жүлделі орындарға қол жеткізген командаларға беріледі.
- Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Аргентинаны жеңді
- Әлішер Ерғали Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды
- Теннис: "Қазақстан-Аргентина" матчында таразы басы қайта теңесті
- Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды
-
Теннис: "Қазақстан–Аргентина" матчында Рыбакина командасын алға шығарды
-
Формула-1: Әзербайжанда жарыс кезеңіне визалық режим жеңілдетіледі
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам