Футболдан Қазақстан суперкубогы қайда өтетіні белгілі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан суперкубогы қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Суперкубок ойыны елордадағы «Астана Арена» стадионында 25 ақпан күні өтеді. Онда өткен жылы ел чемпионы атанған елордалық «Астана» мен Қазақстан кубогының иегері шымкенттік «Ордабасы» клубтары шеберлік байқасады.

Биылғы суперкубок ойыны өз тарихында 16-мәрте өткізілмек. Қазірге дейін ол еліміздің Алматы («Орталық»), Астана («Астана Арена»), Қостанай («Тобыл Арена») және Туркістан («Түркістан-Арена») қалаларында болды.

Бұған дейін суперкубокқа барлығы алты команда қол жеткізді. Олардың қатарында «Астана» 5, «Ақтөбе» 3, «Қайрат» пен «Тобыл» 2, «Шахтер», «Ордабасы» мен «Елімай» 1 мәртеден еншіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қарағандының «Шахтёр» командасына бас бапкер тағайындалды.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі


Соңғы жаңалықтар