+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Футболдан Қазақстан суперкубогы қай командаға бұйырады

2020 жылғы 29 ақпан 12:54
Бөлісіңіз:
Футболдан Қазақстан суперкубогы қай командаға бұйырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай қаласында футболдан суперкубок ойыны өткізіледі. Бұл бәсекеде елордалық «Астана» және Қызылорданың «Қайсар» командасы кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі күнге дейін финалда тоғыз команда бақ сынаған. Оның ішінде «Астана» жеті мәрте финалда ойнап, төрт мәрте (2011, 2015, 2018, 2019) кубокты иеленді. Одан кейінгі кезекте Алматының «Қайраты» 5 мәрте финалда бақ сынап, үшеуінде (2016, 2017) жеңімпаз атанды. Ал «Ақтөбе» 2 (2008, 2010), «Елімай» (1995), «Ордабасы» (2012), «Шахтер» (2013) командалары бір-бірден жеңімпаз тұғырынан көрінді. Сондай-ақ, «Атырау», «Восток» және «Тобыл» командалары суперкубокқа шыққанымен бірде-бір мәрте оған қол жеткізе алған жоқ.

Айта кетерлігі, 2015 жылдан бері суперкубокта «Астана» мен «Қайрат» командалары өзара тартысқа түсіп келеді. Үшеуінде елордалық клубтың мерейі үстем болса, екеуінде алматылық команда басым түсті. Ендеше, биыл соңғы бес жылда алғаш рет «Қайсар» командасы «Қайраттың» орнын алмастырып отыр. Былтыр «Астана» қатарынан алтыншы мәрте Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алса, «Қайсар» өз тарихында екінші мәрте Қазақстан кубогына ие болды.

Елордалық клуб биыл команда құрамын бұрынғыдан да күшейте түсті. Жылма-жыл еурокубок ойындарында ел намысын абыроймен қорғап жүрген «Астана» өз құрамына тәжірибелі ойыншыларды шақырды. Олардың қатарында кипрлік Пиерос Сотириу, армениялық Тигран Барсегян, беларусьтік Макс Эбонг сынды футболшылар бар. Қызылордалық команда құрамына да көптеген ойыншылар келді. Биыл ресейлік Алексей Шумских, хорватиялық Иван Пешич, мозамбиктік Артуро Режиналдо, грузиялық Элгуджа Режиналдо «Қайсардың» намысын қорғайды.

Бүгінгі кездесуде қостанайлық Анатолий Вишниченко бас төреші қызметін атқарады. Оған қос қапталда атыраулық Сергей Калачев пен петропавлдік Денис Виноградов көмекшілік жасайды. Ал алматылық Айдын Рақымбаев пен петропавлдық Александр Гаузер қақпа маңында қызметтерін атқарады.

Кездесу елорда уақытымен 17.00-де басталады. Ойын «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT