Футболдан Қазақстан Премьер-лигасындағы ең ұзын ойыншы анықталды

None
Фото: rostravel.ru
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасындағы ең ұзын және аласа бойлы ойыншылар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел біріншілігінде ең ұзын бойлы футболшы ретінде «Оқжетпес» қақпашысы Никита Чагров тіркеліп отыр. Оның бойының ұзындығы - 201 сантиметр. Одан кейінгі үш орынды «Қайсардың» Виталий Приндета (197 сантиметр), Степан Сикач және Бақдәулет Зульфикаров (екеуі де - 196 сантиметр).

Аласа бойлы ойыншы ретінде 162 сантиметрмен ақтаулық «Каспийдің» жартылай қорғаушысы Бекзат Қабылан есепке алынды. Одан кейінгі орындарда алматылық «Қайраттан» Антон Крачковский (166 сантиметр) және «Қайсар» сапынан Руслан Сахалбаев (168 сантиметр) тұр.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболшы Бауыржан Исламхан «Ордабасы» клубында ойнайтыны хабарланды.


Соңғы жаңалықтар