Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы мен  футболшылары ұлттық құрама капитанын сайлады, деп хабарлайды KazFootball.kz .

35 жастағы павлодарлық «Ертістің» қақпашысы Давид Лория Қазақстан құрамасының жаңа капитаны болып сайланды. Ол құрама сапында 42 матчта ойнаған.

Давид Лория 17 жыл бұрын 200 жылы 26 мамырда Сирияға қарсы ойында алғаш құрама қатарында өнер көрсеткен. Қазақстан құрамасының вице-капитаны болып 24 жастағы «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Исламбек Куат сайланды. Ол  12 матчқа қатысып, 3 мәрте гол салған.

Фото: KazFootball.kz

Соңғы жаңалықтар