+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Футболдан Қазақстан кубогының үшінші кезеңінің жеребесі тартылды

2021 жылғы 4 мамыр 17:38
Бөлісіңіз:
Футболдан Қазақстан кубогының үшінші кезеңінің жеребесі тартылды

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогының үшінші кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» қатарынан сегізінші рет жеңіске жетті Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Ақтөбе» мен «Қайсар» тең түсті Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Тұран» қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті

Айта кетейік, алғашқы екі кезеңнің нәтижесімен жарыстың аталған сатысына СДЮСШОР №8, «Оңтүстік Академия», «Ақсу» және «Мақтаарал» командалары өткен болатын.

Енді үшінші кезеңде СДЮСШОР №8 мен «Оңтүстік Академия», «Мақтаарал» мен «Ақсу» командалары өзара жұп құрады. Ойындар 21 мамырға жоспарланған.

Жеңімпаздар бір ойын қорытындысы бойынша анықталады. Ол кубоктың топтық кезеңіне қатысуға мүмкіндікке ие болады.

Топтық кезеңде барлығы 16 команда сынға түседі. Онда Премьер-лигада ойнайтын 14 ұжым қатарына іріктеу кезеңінде жеңімпаз болған 2 команда қосылады.

Оған қатысатын клубтар төрт топқа бөлініп, барлығы алты ойын өткізеді. Ол 10 маусымда басталып, 15 тамызда мәресіне жетеді.

Ширек және жартылай финал да сол тәртіппен жүргізіледі. Ширек финал 21-22 тамыз және 22 қыркүйекте өткізіледі.

Жартылай финал 6-7 қараша және 20 қарашада болады.

Финал бір ғана ойыннан тұрады. Ойын 28 қарашаға белгіленген.

Еске салсақ, 2 және 3 мамыр күндері Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің тоғызыншы туры өткізілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT