Футболдан Қазақстан кубогының финалы Астанада өтетін болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы әкімшілігінің атына  «Ордабасы» футбол клубынан шұғыл хабарлама келіп түсті. Аталмыш клуб бұдан бұрын Қазақстан кубогы финалын өз алаңында өткізуге ұсыныс білдірген еді,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына сілтеме  жасап.

Аталмыш клуб қазіргі уақытта «Атырау»  мен «Қайрат» командалары арасындағы финалдық ойынды қабылдау мүмкіндігі жоқтығын жеткізген. Онда ұйымдастыру комитетінің инфрақұрылымды жақсартуға байланысты ескертпесін қысқа уақытта орындау қиынға соғатыны айтылған. Оның ішінде Қажымұқан атындағы орталық стадионның алаңы да бар. Қолайсыз ауа-райының жағдайына байланысты оны қалпында ұстау қиындық тудырады. 

«Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы Қазақстан кубогы финалы кездесуін оған қатысатын екі командаға тыс аймақта өткізуге шешім қабылдады. Ол бұдан бұрын қосалқы стадион ретінде танылған  Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында ұйымдастырылады. Ойын 24 қарашада сағат 15-00-ге белгіленген», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетелік, бұдан бұрын Футболдан Ұлттық құрама сапында өзгерістер болғанын хабарлаған едік . Сондай-ақ, футболдан Премьер-лигада оныншы орын алған және бірінші топта үшінші орын алған командалар арасындағы плей-офф кезеңінің алғашқы ойыны өтті. 

Соңғы жаңалықтар