Футболдан Қазақстан кубогының 1/4 ойындары қай уақытта басталады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 7 маусымда өтетін футболдан Қазақстан кубогының ширек финалындағы қарымта ойындардың қай уақытта басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың аталған сатысында сағат 17:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ордабасы» (Шымкент), «Тұран» (Түркістан) мен «Астана» командалары шеберлік байқасады.

Ал 19:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Тобыл» (Қостанай), «Атырау» мен «Қайрат» (Алматы) жасыл алаңға шығады.

Петропавл және Қарағанды қалаларындағы ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салайық, алғашқы кездесуде «Астана», «Тобыл» және «Ордабасы» өз алаңында «Тұран», «Шахтер» және «Қызылжарды» бірдей 2:0 есебімен тізе бүктірген еді. Ал «Қайрат» Алматы қаласында «Атыраумен» 1:1 есебімен тең түсті.

Жартылай финал ойындары 28 маусым және 8 шілдеге белгіленген. Финал 4 қараша күні өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар