Футболдан Қазақстан кубогында жартылай финалға шыққан барлық команда анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалына шыққан барлық команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың жартылай финалына тағы екі жолдамаға «Тобыл» мен «Атырау» ие болды.

Қостанайлық «Тобыл» сырт алаңда Қарағандының «Шахтеріне» 0:1 есебімен жеңілді. Алғашқы ойында қостанайлық клуб 2:0 есебімен басым түскен еді.

Ал, тағы бір ойында «Атырау» өз алаңында Алматының «Қайратын» 2:1 есебімен сүріндірді. Бірінші ойында 1:1 есебімен тең аяқталды.

Айта кетсек, бұдан бұрын «Ордабасы» мен «Астана» жартылай финалға шықты.

Еске салсақ, мамырдың 7-нен 8-іне қараған түні футболдан UEFA Конференция лигасының финалы өткізіледі. Бұл күні «Фиорентина» (Италия) мен «Вест Хэм Юнайтед» (Англия) кездеседі.


Соңғы жаңалықтар