+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Футболдан Қазақстан кубогында VAR жүйесі қолданылады

2021 жылғы 28 қазан 20:51
Бөлісіңіз:
Футболдан Қазақстан кубогында VAR жүйесі қолданылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогының алдағы ойындарында VAR жүйесі қолданылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан қыздары бүгін Норвегиямен кездеседі Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» екінші ойынын франциялық командаға қарсы өткізеді Атыраулық қол күресінің шеберлері әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы осыған байланысты FIFA-ның ресми рұқсатын алды.

Қазіргі уақытта бірқатар отандық футбол төрешісі, оқудың барлық кезеңінен өтті. Аталған мамандар ресми ойындарда VAR (video assistant referee) және AVAR (assistant VAR) ретінде жұмыс істеу үшін FIFA-ның қажетті лицензиясын алды.

«Келесі маусымда Суперкубок, ел біріншілігі және кубок ойындарында қызмет көрсететін барлық төреші үшін оқыту және лицензиялау процесі жалғасуда.

Осы маусымдағы Кубоктың жартылай финалдық және финалдық ойындары FIFA және IFAB бекіткен VAR хаттамасына сәйкес өтеді», - деп жазылған Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы таратқан хабарламада.

Айта кетейік, жартылай финалда «Астана» мен «Қайрат», «Тобыл» мен «Шахтер» кездеседі. Командалар 1/2 финал ойындарын 6 және 20 қараша күндері өткізеді.

Финал 28 қарашаға белгіленген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT