Футболдан Қазақстан кубогында ширек финалға шыққан командалар анықталды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогы ширек финалына шыққан командалар құрамы толық белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін, 14 тамызда D тобында Талдықорғанның «Жетісу» және Түркістанның «Тұранымен» 0:0 есебімен тең түссе, Қарағандының «Шахтері» өз алаңында елорданың «Астана» командасына 1:7 есебімен жол берді.

Ал В тобында Қызылорданың «Қайсары» Петропавлдың «Қызылжарынан» 3:1 есебімен басым түсті.

С тобында «Ақтөбе» өз алаңында Қостанайдың «Тобылын»

1:0 есебімен тізе бүктірді.

13 тамызда А тобында Алматының «Қайраты» өз алаңында «Атырау» командасынан 3:0 есебімен басым түсті . Бұл топтағы тағы бір кездесуде Павлодар облысының «Ақсу» клубы Шымкенттің «Ордабасы» командасына 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Сондай-ақ, В тобында ақтаулық «Каспий» өз алаңында «Ақжайықпен» 2:1 есебімен тең түссе, Түркістан облысының «Мақтаралы» мен «Тараз» 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Нәтижесінде ширек финалға А тобынан «Қайрат» пен «Ордабасы», В тобынан «Қайсар» мен «Ақжайық», С тобынан «Тараз» бен «Мақтарал», D тобынан «Астана» мен «Шахтер» командалары ширек финалға шықты.


Соңғы жаңалықтар