Футболдан Қазақстан кубогы: Жартылай финалдағы командалар анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалына жолдама алған командалар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын «Атырау» және «Ордабасы» командаларының жартылай финалға жолдама алғанын хабарлаған едік. Енді олардың қатарына «Қайсар» мен «Тобыл» қосылды.

Павлодарда жергілікті «Ертіс» Қызылорданың «Қайсар» командасын қабылдады. Бұл кездесуде алдымен алаң иелері есеп ашты. Оны 15-минутта Магомед Парагульгов шебер орындады. Ал «Қайсар» екінші кезеңде қос гол соғып кетті. Олардың қатарынан 26-минутта Иван Садовничий баспен қарсыластар қақпасы торын бүлк еткізсе, 88-минутта Асхат Тағыберген алыстан қақпаны дәл көздеді. Осылайша жартылай финалға жолдама алды.

Тағы бір кездесу Алматы қаласында өткізілді. Жергілікті «Қайрат» Қостанайдың «Тобылына» қарсы тұра алған жоқ. Алматылық клуб өз қақпасына төрт доп жіберіп алды. Қостанайлықтар қатарынан Бауыржан Тұрысбек 13, Максим Федин 25, Михаил Гордейчук 44-минуттарда мергендік танытты. Ал екінші кезеңнің 59-минутында «Қайрат» ойыншысы Исламбек Қуат өз қақпасына гол соғып алды. Ал 89-минутта «Тобыл» ойыншысы Азат Нұрғалиев алаң иелері қақпасына бесінші голды салды. «Қайрат» оған ажуап ретінде 90-минутта жалғыз голмен жауап қайырды. Оны жас шабуылшы Самат Сәрсенов өзінің еншісіне жазды. Осылайша «Тобыл» сырт алаңда «Қайратты» 5:1 есебімен тізе бүктіріп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Соңғы жаңалықтар