Футболдан Қазақстан кубогы: «Тобыл» қарсыласынан ойсырай жеңілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогы төртінші туры үшінші ойын күнінде екі кездесу аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Түркістан облысының «Мақтарал» командасымен кездескен еді. Қостанайлық клуб аталған кездесуге негізінен жастар құрамын шығарды. Есесіне өздерінің қақпасына жауапсыз төрт гол жіберіп алды. Алаң иелері қатарынан Драмане Коне 31, Евгений Левин 51, Едіге Оралбай 87, Сұлтанбек Дүйсешов 91-минуттарда мергендік танытты. Осылайша «Мақтарал» қарсыласын 4:0 есебімен жеңді.

Бүгінгі тағы бір кездесуде «Жетісу» (Талдықорған) мен «Каспий» (Ақтау) командалары 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Еске салсақ, аталған турда 30 шілдеде «Тараз» «Атырауды» 1:0 есебімен жеңді. Одан кейін 31 шілдеде Қызылорданың «Қайсары» өз алаңында «Ақтөбеден» 1:0, «Тұран» (Түркістан) алматылық «Қайраттан» 4:3 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, дәл қазір «Ақжайық» (Орал) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан), СДЮСШОР №8 (Нұр-Сұлтан) мен «Шахтер» (Қарағанды) командалары кездесуде.

Соңғы жаңалықтар