+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Футболдан Қазақстан кубогы: «Шахтер» жартылай финалға шықты

2021 жылғы 27 қазан 18:13
Бөлісіңіз:
Футболдан Қазақстан кубогы: «Шахтер» жартылай финалға шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалына шыққан тағы бір команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Конференция лигасы: «Қайрат» бүгін «Базельмен» кездеседі Футболдан Қазақстан кубогы: Финал елордада өтеді Футболдан Қазақстан кубогы: «Шахтер» финалға берілген екінші жолдамаға ие болды

Мұндай мүмкіндікке Қарағандының «Шахтері» ие болды. Қарағандылық клуб бүгін өз алаңында «Тараздан» 3:1 есебімен басым түсті. Алаң иелері қатарынан Давид Атанаскоски 27, Мартин Тошев 60, Айдос Тәттібаев 90-минуттарда мергендік танытса, оған 39-минутта тараздық Әлішер Сүлей бір голмен жауап қайырды.

Енді олар жартылай финалда 6 және 20 қараша күндері «Тобыл» командасымен кездеседі. Қостанайлық клуб ширек финалда «Қызылжар» (Петропавл) клубын (1:0, 1:0) қапы қалдырып кетті.

Сондай-ақ, бүгін Қызылордада «Қайсар» елорда уақытымен19.00-де Алматының «Қайратымен» кездеседі. Алғашқы ойында алматылықтар 3:0 есебімен басым түсті.

Бұл жұптың жеңімпазы жартылай финалда «Астанамен» шеберлік байқасады.


Фото: shakhter.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT