Футболдан Қазақстан кубогы: «Шахтер» финалға берілген екінші жолдамаға ие болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогы финалына шыққан командалар толықтай анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың аталған сатысындағы екі ойында Қостанайда «Тобыл» өз алаңында Қарағандының «Шахтер» командасын қабылдады.

Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде қарағандылық клуб қарсыласын 5:2 есебімен тізе бүктірген еді.

Бүгінгі ойында «Шахтер» сапынан Мартин Тошев 35-минутта есеп ашты. Одан кейін Павел Назаренко 39-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша қарағандылық ұжым қарсыласын 2:0 есебімен басым түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын финалға Алматының «Қайраты» жолдама алған болатын.

Финал 28 қарашаға белгіленген.

Соңғы жаңалықтар