Футболдан Қазақстан кубогы ойындарының кестесі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңінің ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы тур ойындары 8, 9, 10 шілде күндері өткізіледі. Ал екінші тур 15, 16, 17 шілдеге белгіленген.

Сондай-ақ командалар үшінші тур ойындарын 22, 23, 24, төртінші турды 29, 30, 31 шілде күндері өткізсе, бесінші тур 5, 6, 7 тамызға есептелген.

Алтыншы тур 13, 14, 15 тамызда ойналады.

Жеребе нәтижесі бойынша 16 команда төрт топқа бөлінген. Олардың 14-і Премьер-лигада сынға түсетін клубтар болса, жарыстың үш сатысында жеңімпаз атанған «Қайсар» мен «Жетісу» олардың қатарына қосылды.

Командалардың топтарға бөлінуі төмендегіше:

А тобы: «Ақсу», «Атырау», «Қайрат», «Ордабасы»;

В тобы: «Қайсар», «Ақжайық», «Каспий», «Қызылжар»;

С тобы: «Ақтөбе», «Мақтаарал», «Тараз», «Тобыл»;

D тобы: «Шахтер», «Тұран», «Жетісу», «Астана».

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Конференция лигасының жеңімпазы анықталды.



Соңғы жаңалықтар