Футболдан Қазақстан кубогы: «Қайрат» сәтсіздіктер сериясын тоқтатты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогы бесінші турында Алматының «Қайраты» Талдықорғанның «Жетісуынан» басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан кубогындағы бұдан бұрынғы ойындарда алматылық клуб жанкүйер сенімінен шыға алған жоқ.

Қатарынан үш кездесуде қарсыластарыне есе жіберіп қойды.

Нәтижесінде турнир кестесінде соңғы орындарды місе тұтты.

Сондықтан бүгінгі кездесуде негізгі құрамның бірқатар футболшылары алғашқы минуттан жасыл алаң төрінен көрінді.

Ойынның 4, 18-минуттарында шабуылшы Артур Шушеначев қос голдың авторы атанса, Раде Дугалич 61-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Кездесуде «Қайрат» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

Бүгінгі тағы бір ойында Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында «Таразды» 2:1 есебімен жеңді.

Осылайша «Қайрат» сәтсіздіктер сериясын тоқтатты.

Аталған турда 7 тамызда «Қызылжар» СДЮСШОР №8 командасын 3:2, «Ақжайық» «Ақтөбені» 2:1 есебімен жеңсе, «Мақтарал» мен «Атырау» 1:1 есебімен тең түсті.

Дәл қазір «Астана» мен «Қайсар», «Тұран» мен «Каспий» командалары кездесуде.

Соңғы жаңалықтар