Футболдан Қазақстан кубогы: Финалға шыққан алғашқы команда анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогы финалына жолдама алған алғашқы команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жартылай финалдағы алғашқы ойында Алматының «Қайраты» мен елордалық «Астана» командалары шеберлік байқасты. Екеуінің арасындағы бірінші матчта алматылық клуб 3:0 есебіме н басым түсті.

Кездесуге елордалық клуб сапынан бірнеше футболшы қатыса алған жоқ. Соған қарамастан бұл кездесуге «Қайрат» негізгі құрамды шығарды.

Ойын барысында алматылық команданың басымдығы байқалып тұрды. Десе де бірінші кезеңде таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Екінші кезеңнің 64 минутында елордалық Мейрамбек Қалмырза өзінің қақпасына сгол соғып алды. Ал 81-минутта алматылық Хосе Канте есепті үстемелей түссе, 86-минутта Вагнер Лав мергендік танытты.

Кездесуде «Қайрат» қарсыласын 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Енді жартылай финалдағы тағы бір ойында Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдайды. Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде 5:2 есебімен «Шахтердің» басымдығымен аяқталды.

Финал 28 қарашаға белгіленген.


Сурет: fckairat.com
Соңғы жаңалықтар