Футболдан Қазақстан кубогы финалдарының жеребесі тартылды
21:02, 16 Тамыз 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогы ширек және жартылай финал ойындарының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жеребе нәтижесінде ширек финалда «Тараз» бен «Шахтер» (Қарағанды), «Қайрат» (Алматы) пен «Ақжайық» (Орал), «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ордабасы» (Шымкент) командалары жұп құрады.
Ал Қазақстан кубогының жартылай финалында кездесетін командалары төмендегіше:
«Қайрат» / «Ақжайық» - «Тараз» / «Шахтер»
«Астана» / «Мақтарал» – «Қайсар» / «Ордабасы»
Айта кетсек, Қазақстан кубогының топтық кезеңі 8 шілдеде жалауын көтерді. Ол 15 тамызда мәресіне жетті.
Еске салсақ, ФИФА Катарда өтетін әлем чемпионатының ашылуын 20 қарашаға жылжытты.
Айта кетейік, биыл футболдан 22-ші әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.