Футболдан Қазақстан кубогы: Бүгін топтық кезеңінің алтыншы туры басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңінің алтыншы туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойындар үш күнге белгіленген. Алдымен 14 тамызда үш ойын белгіленсе, 15 тамызда да төрт матч өткізіледі.

Бүгін, 14 тамызда «Тараз» бен «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ақжайық» (Орал), «Жетісу» (Талдықорған) мен «Тұран» (Түркістан), «Ақтөбе» мен «Қайсар» (Қызылорда) шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, бүгін «Шахтер» (Қарағанды) мен «Ордабасы» (Шымкент) кейінге қалдырылған бесінші тур ойындарын өткізеді.

Ал 15 тамызда алтыншы тур ойындары қайта жалғасады. Бұл күні «Атырау» мен «Тобыл» (Қостанай), «Каспий» (Ақтау) мен «Қайрат» (Алматы), «Ақтөбе» мен «Астана» (Нұр-Сұлтан) командалары кездеседі.

Ал 17 тамызда «Қызылжар» (Петропавл) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Ордабасы» (Шымкент) мен СДЮШОР №8 (Нұр-Сұлтан) үшінші турды түйіндейді.

Айта кетсек, биыл аталған дода жаңа талаптар бойынша ойналады.

Топтық кезеңде Премьер-лиганың 14 командасы мен іріктеу кезеңінен іркілмей өткен бірінші лиганың екі клубы төрт топқа бөлінген.

Әрбір топта алғашқы екі орындағы командалар жарыстың келесі сатысына шығады.



Соңғы жаңалықтар