Футболдан Қазақстан кубогы: Бүгін 1/2 финалға шығатын тағы екі команда анықталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогының ширек финалындағы екі ойын өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада «Қайсар» елорда уақытымен19.00-де Алматының «Қайратымен» кездеседі. Алғашқы ойында алматылықтар 3:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, «Тараз» бен Қарағандының «Шахтері» 16.00-де шеберлік байқасады. Алғашқы кездесуде командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Еске салсақ, бұдан бұрын ширек финалда «Астана» (Нұр-Сұлтан) «Каспий» (Ақтау) командасын (3:3, 1:0), «Тобыл» (Қостанай) «Қызылжар» (Петропавл) клубын (1:0, 1:0) есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алған еді.

Жартылай финалда «Астана» командасы «Қайсар» - «Қайрат», «Тобыл» командасы «Тараз» бен «Шахтер» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Командалар 1/2 финал ойындарын 6 және 20 қараша күндері өткізеді. Финал 28 қарашаға белгіленген.



Соңғы жаңалықтар