Футболдан Қазақстан кубогы: «Астана» «Қайсармен» тең түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы ойын күнінде төрт кездесу өткізілді. Жанкүйерлер алдымен «Астана», «Қайрат» және «Тобыл» командаларының кездесулеріне көз тіккені рас.

Алматылық «Қайрат» сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісуын» 1:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл ойында алматылық Андрей Ульшин 10-минутта мергендігімен көзге түсті. Айта кетерлігі, алматылық ұжымда негізінен жастар ойын көрсетті.

«Астана» да бүгін жастарға үміт артты. Елордалық клуб соған қарамастан Қызылордада жергілікті «Қайсармен» 0:0 есебімен тең ойнады.

Ал «Тобыл» сырт алаңда «Тараздың» 1:3 есебімен осал тұсын тапты. Кездесу барысында қостанайлық клубтан Зоран Тошич 5, 33, Асхат Тағыберген 90-минутта гол соқса, оған алаң иелерінен Берік Айтбаев 14-минутта жалғыз голмен жауап қайырды.

Ал «Қызылжар» мен СДЮСШОР №8 (Нұр-Сұлтан) клубтары кездесуінде 1:1 есебі тіркелді. Алдымен елордалық клубтан Нарби Мерғазы 61-минутта есеп ашса, 79-минутта петропавлдық Оңласын Сәкен таразы басын теңестіріп кетті.

Енді 11 шілдеде «Ақтөбе» мен «Акжайық», «Каспий» мен «Тұран», «Атырау» мен «Мақтарал», «Ордабасы» мен «Шахтер» кездеседі.

Айта кетсек, биыл аталған дода жаңаша талаптар бойынша ойналады. Топтық кезеңде Премьер-лиганың 14 командасы мен іріктеу кезеңінен іркілмей өткен бірінші лиганың екі клубы төрт топқа бөлінген.


Соңғы жаңалықтар