Футболдан Қазақстан кубогы: «Астана» «Каспиймен» тең түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогы ширек финалында алғашқы екі ойыны өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдымен Петропавлда «Қызылжар» мен Қостанайдың «Тобылы» кездесті. Ойын тағдырын 36-минутта қостанайлық клубтан Игорь Сергеев соққан жалғыз гол шешті. Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Елордада «Астана» мен «Каспий» кездесуі 3:3 есебімен тең аяқталды. Кездесуде елордалық командадан Макс Эбонг 4, Абат Айымбетов 36, Жарко Томашевич 83-минуттарда гол соқса, оған ақтаулық клубтан Руслан Сақалбаев 44, Мақсат Тайкенов пен Аслан Дарабаев 39 және 96-минуттарда пенальтиден үш голмен жауап қайырды.

Ал «Қайрат» пен «Қайсар», «Тараз» бен «Шахтер» алғашқы кездесуін 22 қыркүйекте болса, қарымта ойын шамамен 27 қазанға белгіленген.

Жарыстың 1/4 және 1/2 финалдық сатыларында командалар екі ойыннан өткізеді. Финал 28 қараша күні болады.




Соңғы жаңалықтар