+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Футболдан Қазақстан кубогы 1/2 финалының жеребесі тартылды

2021 жылғы 28 қыркүйек 22:05
Бөлісіңіз:
Футболдан Қазақстан кубогы 1/2 финалының жеребесі тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогы 1/2 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футбол: Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізеді UEFA Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» үшінші ойын қатарынан жеңіске жетті UEFA Чемпиондар лигасы: Бүгін топтық кезеңінің үшінші туры басталады

Бүгін Қазақстан футбол федерациясында жартылай финал жеребесі тартылды.

Жарыстың аталған сатысында «Астана» командасы «Қайрат» пен «Қайсар» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал «Тобыл» клубы «Шахтер» мен «Тараз» жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, 1/4 финалда «Астана» «Каспийді» (3:3, 1:0) орта жолда қалдырып кетсе, «Тобыл» «Қызылжардан» (1:0, 1:0) басым түсті.

Ал 22 қыркүйекте өткен алғашқы кездесуінде «Қайрат» «Қайсарды» 3:0 есебімен тізе бүктірсе, «Шахтер» мен «Тараз» 0:0 есебіне қанағат білдірді. «Қайрат» пен «Шахтер» тамыз айында еурокубок ойындарында сынға түсуіне байланысты кубоктың 1/4 финалдағы ойындары кейінге қалдырылған болатын. Енді олар қарымта кездесулерін 27 қазанда өткізеді.

Айта кетсек, 1/2 финалдың алғашқы ойыны 6-7 қарашада болса, қарымта кездесу 20 қарашаға белгіленген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT