Футболдан Қазақстан кеңейтілген құрамасына кімдер шақырту алды

None
Фото Қазақстан футбол федерациясынан
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Сан-Марино және Солтүстік Ирландиямен өтетін матчтарға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан футбол федерациясынан мәлім еткеніндей, оқу-жаттығу жиыны 8 маусымда Алматыда басталады.

Жалпы тізімге 34 футболшы енді.

Қақпашылар:Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен, Бекхан Шайзада (екеуі де – «Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (екеуі де – «Тобыл»), Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Абзал Бейсебеков (барлығы – «Астана»), Талғат Кусяпов («Каспий»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Химки», Ресей);

Жартылай қорғаушылар:Рамазан Оразов («Тобыл»), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Мирас Тұрлыбек («Ақсу»), Еркін Тапалов («Қызылжар»);

Шабуылшылар:Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Абылайхан Жұмабек («Ақтөбе»), Айбар Жақсылықов («Ордабасы»), Артур Шушеначев, Вячеслав Швырев (екеуі де – «Қайрат»), Ислам Чесноков («Тобыл»).

Жаттықтырушылар штабы:Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер.

Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады.

Қазақстан құрамасы маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда екі матч өткізеді. 16 маусым күні Магомед Адиевтің шәкірттері Сан-Мариномен Италияның Парма қаласында кездеседі. Ойын «Эннио Тардини» стадионында Астана уақытымен 00.45-те басталады.

Үш күннен кейін ұлттық құрама Солтүстік Ирландиямен ойнайды. Матчтың басталуы елорда уақытымен 00.45-ке жоспарланған. Ойын Белфаст қаласының «Уиндзор Парк» стадионында өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Баварияның» 11 рет қатарынан футболдан Германия чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар