Футболдан Қазақстан чемпионатының үздік қорғаушысы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы өткен маусымды қорытындылап, үздік спортшыларды марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жылдың үздік футболшылары, спорт клубтарының жетекшілері, бас бапкерлері, сонымен қатар команда капитандарының дауыс беру нәтижелері бойынша анықталды. Осы Премьер-лиганың үздік қорғаушысының есімі белгілі болды.

«Респонденттердің назарына үздік бес үміткерден тұратын тізім ұсынылды. Әр респондент үш үміткерді атайды. Бірінші орын – үш ұпай, екінші орын–- екі ұпай, үшінші – бір ұпай. Барлық ұпайды санау арқылы сауалнама қорытындыланады.

«OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік қорғаушысы» номинациясында алматылық «Қайраттың» ойыншысы Ғафуржан Сүйімбаев бірінші орынға ие болды», делінген лиганың баспасөз хабарламасында.

Сонымен ел біріншілігіндегі үздік қорғаушылардың рейтингі төмендегідей:

1. Ғафуржан Сүйімбаев («Қайрат») – 74 ұпай;

2. Нұралы Әліп («Қайрат») – 56 ұпай;

3. Сергей Малый («Тобыл») – 30 ұпай;

4. Раде Дугалич («Қайрат») – 21 ұпай;

5. Ілияс Әмірсеитов («Қайсар») – 17 ұпай.


Соңғы жаңалықтар