Футболдан Қазақстан чемпионатының атауы өзгерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан чемпионатының атауына өзгеріс енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы таратқан ақпаратқа сәйкес, жаңа атау Қостанайда өткен атқару комитетінің жиынында қабылданды.

«Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET букмекер компаниясымен серіктестік жөнінде келісімге қол қойды. Серіктестік үш жылға созылып, 2020, 2021 және 2022 жылғы маусымдарды қамтиды. Келісім бойынша қазақстандық жоғары дивизионның жеке логотипі мен ресми атауы 2020 жылдың наурызынан бастап өзгереді. Енді ішкі чемпионаты «OLIMPBET – футболдан Қазақстан Чемпионаты» аталады», - делінген лига ақпаратында.

Сонымен қатар, футболшыларды тіркеудің екінші мерзімінен бастап легионер ойыншылардың жас ерекшеліктеріне қойылатын шектеулер алынып тасталады. Футболшылардың құжаттарын қабылдаудағы қазіргі ереже бойынша Қазақстан және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес елдердің азаматтарының жас ерекшелігі 1989 жылдан жоғары болмауы тиіс.


Соңғы жаңалықтар