Футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы туры Тимур Сегізбаевқа арналады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2023 жылғы Қазақстан чемпионатының алғашқы туры қазақстандық ойыншы және бапкер Тимур Сегізбаевтың құрметіне арнап өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атақты футболшы ретінде 19 жасында Кеңес одағы чемпионатында тұсаукесер ойынын «Қайрат» сапында бастады. 1963 жылы кубоктың жартылай финалына шыққаны үшін спорт шебері атағына ие болды. Сондай-ақ, алты жыл қатарынан «Қайрат» командасының капитаны болды.

Футболшылық мансабын аяқтағаннан кейін «Автомобилист», «Мелиоратор» (Қызылорда), «Шахтер» (Қарағанды), «Қайрат» (Алматы), Йемен құрамасында бапкер ретінде қызмет етті.

1989 жылдан бастап 2001 жылға дейін еліміздің футбол федерациясының вице-президенті, бас хатшысы және президенті болып қызмет атқарды.

2014 жылы «Қайрат» футбол клубының жасөспірімдер академиясына Сегізбаевтың есімін беру туралы шешім қабылданды.

2017 жылдың 15 желтоқсанында атақты футболшы өмірден өтті.

Еске салсақ, биыл футболшы Бауыржан Исламхан «Ордабасы» клубында ойнайды.

Соңғы жаңалықтар