Футболдан Қазақстан чемпионатында Ақжайық көш басындағы Ақтөбені ұтты

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан чемпионатының 21-турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін ақтөбеліктер 42 ұпаймен көш бастап келе жатса, оралдықтар аутсайдерлердің бірі еді.

Бірінші таймда 29-минутта «Ақжайық» сапындағы армениялық легионер Петрос Аветисян есеп ашты - 1:0.

Екінші кезеңде 68-минутта грузиялық легионер Лука Имнадзе есепті 2:0-ге жеткізді. Екі минуттан кейін П.Аветисян тағы бір голдың авторы атанды.

Бұдан кейін 90-минутта «Ақтөбеден» Жерар Гоу есепті қысқартты.

Осылайша, «Ақжайық» 3:1 есебімен жеңіске жетті. Команда 21 ұпаймен бұрынғыша 13-орында қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын футболдан Қазақстан чемпионатында «Ақсудың» «Ақжайықтан» басым түскенін жазған болатынбыз.


Суреттерді түсірген Айбатыр Нұраш

Соңғы жаңалықтар