+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Қайрат» биыл қола жүлдені місе тұтты

2021 жылғы 17 қазан 20:40
Бөлісіңіз:
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Қайрат» биыл қола жүлдені місе тұтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 24-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы WBO әлем чемпионы титулы үшін міндетті кандидат болды Астанадағы кәсіпқой бокс кеші: Жанқош Тұраров «Батыл жүрекпен» кездеседі Серік Сәпиев туралы «Боксер» фильмі көрерменге жол тартады

Бүл күні үш кездесу өткізілді. Чемпиондыққа талас жүргізіп келе жатқан елордалық «Астана» мен қостанайлық «Тобылы»кезекті жеңісіне қол жеткізді.

«Астана» өз алаңында Қызылорданың «Қайсарын» 2:0 есебімен тізе бүктірді. Кездесуде Тигран Барсегян – 74, Марин Томасов 89-минутта мергендік танытты.

Дәл осындай есеппен «Тобыл» сырт алаңда Петропавлдың «Қызылжарынан» басым түсті. Ойын барысында олардың қатарынан Игорь Сергеев – 33, Жереми Манзорро 77-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Тағы бір кездесуде «Тараз» сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісуын» 2:1 есебімен жеңіп кетті. Ойында тараздық клубтан Ненад Адамович 67-минутта гол соқса, алаң иелері сапынан Диас Қалыбаев 86-минутта таразы басын теңестірді. Ал 92-минутта Тимур Досмағамбетов «Таразға» жеңіс алып келді.

Еске салсақ, 16 қыркүйекте «Қайрат» сырт алаңда «Ақтөбені», Шымкенттің «Ордабасы» командасы өз алаңында «Атырауды» 2:1 есебімен жеңді. Қарағандының «Шахтері» өз алаңында Ақтаудың «Каспийін» 1:0 есебімен сүріндірсе, Оралда «Ақжайық» пен Түркістанның «Тұраны» 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Аталған турдан кейін «Қайрат» биылғы біріншіліктің қола жүлдесін місе тұтты. Ал «Қайсар» Премьер-лигадағы орнын сақтап қала алған жоқ. Қызылордалық клубтың қазір 16 ұпайы бар. Олардың алдындағы 12-орынға жайғасқан «Тұран» 25 ұпай еншілеген еді. Сондықтан оларды «Тұранды» қуып жете алмайды. Бұдан бұрын бірінші лигаға «Жетісу» да түсіп қалды.

Енді 25-тур ойындары 23 және 24 қазан күндері өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT