+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Футболдан Қазақстан чемпионаты: Бүгін  25-тур ойындары басталады

2021 жылғы 24 қазан 14:30
Бөлісіңіз:
Футболдан Қазақстан чемпионаты: Бүгін  25-тур ойындары басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 25-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футбол: «Қайрат» - Қазақстан кубогының иегері Футболдан Конференция лигасы: «Қайрат» «Базельге» жол берді Футболдан Конференция лигасы: «Қайрат» бүгін «Базельмен» кездеседі

Барлық ойындар бүгін, 24 қазанда өткізіледі. Аталған турда жанкүйерлер 15.00-де басталатын «Қайрат» (Алматы) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан), «Тобыл» (Қостанай) мен «Шахтер» (Қарағанды) ойындарына көз тігеді. Қазір «Астана» мен «Тобыл» чемпиондыққа талас жүргізіп келеді. Олардың бірі бүгін сүрінген жағдайда алтын медаль тағдыры шешілуі мүмкін.

Айта кетсек, «Қайрат» биылғы біріншіліктің қола жүлдегері атанды.

Дәл осы уақытта «Тараз» бен «Ордабасы» (Шымкент), «Атырау» мен «Қызылжар» (Петропавл), «Тұран» (Түркістан) мен «Ақтөбе» өзара шеберлік байқасады.

Ал 17.00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Ақжайық» жасыл алаңға шықса, аталған турды 19.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жетісу» (Талдықорған) командалары түйіндейді.

24-тур нәтижесі бойынша 56 ұпаймен «Астана» көш басында келеді. Одан кейінгі орындардағы «Тобылдың» - 55, «Қайраттың» - 47 ұпайы бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT