Футболдан Қазақстан чемпионаты: Астана Тұранмен тең түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 21-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турды бүгін «Тұран» (Түркістан) мен «Астана» командалары түйіндеді. Ойын барысында алаң иелерінен Бақдәулет Зульфикаров 46, Артем Гуренко 62-минуттарда мергендік танытса, оған астаналық клубтан Абат Айымбетов 82, Марин Томасов 95-минутта екі голмен жауап қайырды.

Осылайша командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.

Бүгін көш басында келе жатқан «Ақтөбе» сырт алаңда Оралдың «Ақжайығына» 1:3 есебімен жол берді.

Сондай-ақ, Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» 3:1 есебімен жеңсе, Петропавлдың «Қызылжары» Алматының «Қайратына» 1:2 есебімен есе жіберді.

Айта кетсек, 1 қазанда аталған турда үш ойын өткізілді. Ақтаудың «Каспийі» өз алаңында Павлодар облысының «Ақсуын» 1:0, «Ордабасы» Шымкентте «Атырауды» 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Ал «Тараз» өз алаңында түркістандық «Мақтаралға» 0:1 есебімен ұтылды .




Соңғы жаңалықтар