Футболдан Қазақстан чемпионаты: Алғашқы күні 4 матч өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он бесінші турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турдағы алғашқы ойында «Жетісу» мен «Каспий» командалары кездесті. Матч тағдырын ақтаулық клубтан Шафик Тигруджа 18-минутта соққан жалғыз гол шешті. Осылайша «Каспий» сырт алаңда 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті.

Тағы бір кездесуде «Ақтөбе» мен «Атырау» командалары шеберлік байқасты. Ойын барысында ақтөбелік клубтан Боян Дубайич 30-минутта мергендігімен көзге түсті. Жалғыз гол «Ақтөбеге» жеңіс алып келді.

«Ордабасы» сырт алаңда «Ақжайықтың» осал тұсын тапты. Кездесу тағдырын шешкен голды 90-минутта шымкенттік команда шабуылшысы Жоао Паоло соқты. Осылайша «Ордабасы» жеті ойынға созылған сәтсіздіктер сериясын тоқтатты.

«Қызылжар» командасы сырт алаңда «Шахтерді» 1:0 есебімен тізе бүктірді. Голды 90-минутта петропавлдық Руслан Есімов соқты.

Аталған турдағы қалған үш ойын 13 маусымда өткізіледі. Бұл күні «Тараз» бен «Қайрат», «Астана» мен «Тобыл», 21.00-де «Қайсар» мен «Тұран» командалары кездеседі.


Соңғы жаңалықтар