Футболдан Қазақстан біріншілігінің ойын күнтізбесі жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы ел чемпионатының және кубогының ойын күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде 14 команда сынға түседі. Олардың қатарында «Жетісу» (Талдықорған), «Ақтөбе», «Астана», «Шахтер» (Қарағанды), «Ордабасы» (Шымкент), «Каспий» (Ақтау), «Тобыл» (Қостанай), «Ақсу» (Павлодар облысы), «Қайрат» (Алматы), «Атырау», «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Окжетпес» (Көкшетау) командалары бар.

Алғашқы турда 4-5 наурыз күндері «Жетісу» мен «Ақтөбе», «Астана» мен «Шахтер», «Ордабасы» мен «Каспий», «Тобыл» мен «Ақсу», «Қайрат» пен «Атырау», «Қайсар» мен «Кызылжар», «Мақтарал» мен «Окжетпес» командалары кездеседі.

Соңғы тур 28-29 қазан күндері өтеді.

Қазақстан кубогының финалы 4 қарашаға белгіленген.

Еске салсақ, бұған дейін Суперкубок ойыны елордадағы «Астана Арена» стадионында 25 ақпан күні өтетінін жазған едік. Онда өткен жылы ел чемпионы атанған елордалық «Астана» мен Қазақстан кубогының иегері шымкенттік «Ордабасы» клубтары шеберлік байқасады.


Соңғы жаңалықтар