Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Тобыл» «Таразды» ірі есеппен жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі тоғызыншы турының алғашқы ойын күні мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үшінші кездесуде «Тобыл» командасы Қостанайда «Таразды» қабылдады. Екі клуб та турнир кестесінде алдыңғы орындарда келеді. Сондықтан жанкүйерлер кездесудің тартысты өтуінен үміт күтті.

Өткен турда ойламаған жерден Ақтауда «Каспийге» жол берген қостанайлық клуб сол олқылықтың орнын толтыруға тырысты. Ойын басынан тізгінді қолда ұстауға тырысқан алаң иелері бірінші кезеңде қарсыластар қақпасына екі гол соғып үлгерді. Оны 30-ыншы, 42-минуттарда Неманья Николич өз еншісіне жазды.

Екінші кезеңде «Тобыл» сапынан Руслан Валиуллин 82-минутта мергендік танытты.

Ойында алаң иелері 3:0 есебімен жеңіске жетіп, турнир кестесінде 15 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Көш басында 23 ұпаймен «Астана» командасы тұр. Бүгінгі жеңілістен кейін «Тараз» 17 ұпаймен үшінші орынға төмендеді.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын елордалық «Астана» сырт алаңда «Ақтөбеден» 2:0 есебімен басым түскен болатын.

Одан кейін «Атырау» өз алаңында Ақтаудың «Каспийін» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Енді 3 мамырда «Қызылжар» (Петропавл) мен «Қайрат» (Алматы), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тұран» (Түркістан), «Ақжайық» (Орал) пен «Жетісу» (Талдықорған), «Шахтер» (Қарағанды) мен «Қайсар» (Қызылорда) шеберлік байқасады.


Соңғы жаңалықтар