+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Тобыл» «Атыраудан» басым түсті

2021 жылғы 9 мамыр 20:10
Бөлісіңіз:
Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Тобыл» «Атыраудан» басым түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің оныншы турында тағы бір ойын мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан еуропа чемпионаты: Швейцария Түркиядан басым түсті Футболдан Еуропа чемпионаты: Испания мен Польша тең түсті Футболдан Еуропа чемпионаты: Португалия Германиядан 21 жыл ішінде қатарынан бесінші рет жеңілді

Аталған турдағы алтыншы жұпта Қостанайда жергілікті «Тобыл» «Атыраумен» шеберлік байқасты. Қостанайлық клуб биыл да турнир кестесінде үздіктер қатарында көрініп келеді. Ал «Атырау» ала-құла ойынымен көзге түсіп жүр.

Ойын барысында екі команда да тең дәрежеде шеберлік көрсетті. Екеуі де есеп ашатын бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберді. Дегенмен 80-минутта қостанайлық Серікжан Мужиков қақпаны дәл көздеді. Ойынның 92-минутында оның командалас әріптесі Жереми Манзорро қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Аталған жеңістен кейін «Тобыл» 21 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Көш басында 26 ұпаймен «Астана» командасы тұр.

Айта кетейік, аталған турдағы төрт ойын 8 мамыр күні өткізілді. Сол күні өз алаңында Қызылорданың «Қайсары» Оралдың «Ақжайығынан», «Тараз» елордалық «Астанадан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды .

Ал Алматының «Қайраты» Қарағандының «Шахтерімен» 1:1, Ақтаудың «Каспийі» Шымкенттің «Ордабасы» клубымен 0:0 есебімен тең түсті.

Сондай-ақ, бүгін «Ақтөбе» сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісуын» 5:1 есебімен тізе бүктірді .


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT