Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Қайсар» бесінші мәрте жеңілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 29 сәуірде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің cегізінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турдағы екінші ойын күнінде үш кездесу өтті. «Жетісу» (Талдықорған) мен «Шахтер» (Қарағанды) командалары арасындағы кездесу тағдырын жалғыз гол шешті. Оны 33-минутта талдықорғандық Рафхат Аслан өзінің қақпасына соғып алды. Осылайша «Жетісу» қарсыласына 0:1 есебімен жол берді.

Тағы бір кездесуде Алматының «Қайраты» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» клубын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Алаң иелері сапынан Адеринсола Эсеола 61, Штрели Мамба 88, Хосе Канте 94-минуттарда өзінің еншісіне жазды.

Ал Қызылорданың «Қайсары» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарынан» 1:2 есебімен жеңілді. Қызылордалық Армен Кеңесовтің 32-минутта соққан голына петропавлдық футболшылар қатарынан Әлібек Қасым 38, Данило Алвес Алмейда 51-минуттарда екі голмен ажуап қайырды.

Естеріңізге сала кетелік, 28 сәуірде «Тобыл» сырт алаңда «Каспийден» 1:2 есебімен жеңілcе, «Астана» өз алаңында «Ақжайықтан» 1:0 есебімен басым түсті. «Тараз» «Ақтөбені» 3:1 есебімен сүріндіріп, Түркістанда «Тұран» «Атыраудан» 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Сегізінші турдан кейін «Астана» 20 ұпаймен көш бастаса, одан кейінгі орындардағы «Тараздың» 17, «Қайраттың» 15 ұпайы бар.

Тоғызыншы тур ойындары 2 және 3 мамыр күндері өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар