+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Қайрат» «Шахтермен» тең түсті

2021 жылғы 26 қыркүйек 23:31
Бөлісіңіз:
Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Қайрат» «Шахтермен» тең түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 22-турының алғашқы ойын күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
UEFA Конференция лигасы: «Қайрат» сырт алаңда Әзербайжан командасымен кездеседі Футбол: Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізеді 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауы Бейжіңге жетті

Бұл күнгі басты ойынның бірі - Алматының «Қайраты» мен Қарағандының «Шахтері» арасында болды. Алматылық клуб биыл чемпиондықтан үміткер ретінде саналған еді. Дегенмен соңғы ойындарда олар қарсыластарына есе жіберіп, мұндай атаққа қол жеткізуден қашықтап барады.

«Шахтермен» кездесуде аламтылық клуб жеңіліп қала жаздады. Қарағандылық клубтан 76-минутта Идрис Умаев есеп ашқан еді. Ойынның 88-минутында қайраттық Раде Дугалич таразы басын теңестіріп, ол «Қайратты» жеңілістен құтқарып қалды. Осылайша екі команда 1:1 есебіне қанағат білдірді.

«Қайрат» биыл чемпион атана алмайтын секілді. Өйткені, «Астана» мен «Тобыл» командалары бір ойын кем өткізгеніне қарамастан, алматылық клубтан 5-6 ұпайға ұзап кетті.

22-турдағы тағы екі кездесуде Түркістанның «Тұраны» сырт алаңда Петропавлдың «Қызылжарын» 1:0 есебімен тізе бүктірсе, өз алаңында «Ақтөбе» Талдықорғанның «Жетісуынан» 2:0 есебімен басым түсті.

Аталған турдағы өзге ойындар 27 қыркүйекте жалғасады. Бұл күні «Ордабасы» мен «Каспий», «Атырау» мен «Тобыл», «Ақжайық» пен «Қайсар», «Астана» мен «Тараз» командалары кездеседі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT