Футболдан Қазақстан біріншілігі: Бүгін он үшінші тур ойындары басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он үшінші туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойындар 23 және 24 мамыр күндеріне белгіленген. Алғашқы күні үш жұп кездессе, екінші күнінде төрт матч өтеді.

Аталған турдың шымылдығы 23 мамырда елорда уақытымен 17.00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қайсар» (Қызылорда) командалары кездесуімен ашылады. Одан кейін 21.00-де «Ақтөбе» мен «Тұран» (Түркістан), «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Қайрат» (Алматы) кездесулерімен жалғасады.

Ал 24 мамырда 18.00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тараз», «Қызылжар» (Петропавл) мен «Атырау» болады. Аталған турды 20.00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Тобыл» (Қостанай), «Ақжайық» (Орал) мен «Каспий» (Ақтау) ойындары түйіндейді.

Он екі турдан кейін турнир кестесінде 32 ұпаймен «Астана» командасы көш бастап келеді. Одан кейінгі орындардағы «Тобылдың» 25, «Ақжайықтың» 21 ұпайы бар.



Соңғы жаңалықтар