+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Футболдан Қазақстан біріншілігі: Бүгін он бірінші тур ойындары басталады

2021 жылғы 14 мамыр 12:53
Бөлісіңіз:
Футболдан Қазақстан біріншілігі: Бүгін он бірінші тур ойындары басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он бірінші туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Александр Винокуров Олимпиада күніне арналған велошеруді бастады Ауыр салмақтағы нокаутер Иван Дычконың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды Футболдан Еуропа чемпионаты: Англия мен Шотландия тең түсті

Ойындар 14 және 15 мамыр күндеріне белгіленген. Алғашқы күні төрт жұп кездессе, екінші күнінде үш матч өтеді.

Аталған турдың шымылдығы 14 мамырда елорда уақытымен 14.00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Тұран» (Түркістан) командалары кездесуімен ашылады. Одан кейін 16.00-де «Ақжайық» (Орал) пен «Қайрат» (Алматы), 18.00-де «Ақтөбе» мен «Қайсар» (Қызылорда), 20.00-де «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Жетісу» (Талдықорған) ойындарымен жалғасады.

Ал 15 мамырда 15.00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Каспий» (Ақтау) кездессе, 17.00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тобыл» (Қостанай) командалары шеберлік байқасады. Аталған турды 19.00-де «Атырау» және «Тараз» кездесуі түйіндейді.

Оныншы турдан кейін турнир кестесінде 26 ұпаймен «Астана» көш бастап келеді. Одан кейінгі орындардағы «Тобылдың» 21, «Тараздың» 17 ұпайы бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT