Футболдан Қазақстан біріншілігі: Бүгін бесінші тур ойындары басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің бесінші туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойындар 13 және 14 сәуір күндеріне белгіленген. Алғашқы күні екі ойын өткізілсе, одан кейін қалған бес кездесу жанкүйерлер назарына ұсынылады.

Аталған тур шымылдығы 13 сәуірде 14.00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ақтөбе» командалары арасындағы ойында түріледі. Одан кейін 16.00-де «Шахтер» (Қарағанды) және «Ақжайық» (Орал) командалары жасыл алаңға шығады.

Ал 14 сәуірдегі алғашқы кездесу 15.00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан) арасында болады. Келесі кезекте 16.00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Қайрат» (Алматы), 17.00, 18:00 «Тобыл» (Қостанай) мен «Қайсар» (Қызылорда) клубтары өзара шеберлік байқасады. Сондай-ақ, 18.00-де «Атырау» мен «Жетісу» (Талдықорған) ойнаса, аталған турды 20.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Тараз» клубтары түйіндейді.

Естеріңізге сала кетелік, төртінші турдан кейін көш басында 10 ұпаймен Алматының «Қайрат» командасы келеді. Екінші және үшінші орындардағы «Астана» және «Тараз» командаларының еншісінде сегіз ұпайдан бар.



Соңғы жаңалықтар