Футболдан Қазақстан біріншілігі: Бүгін 21-тур ойындары басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 21-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Ойындар екі күнге белгіленген. Алдымен 18 қыркүйекте төрт кездесу өткізілсе, 19 қыркүйекте үш ойын болады.

Аталған тур шымылдығы 15.00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Ақжайық» (Орал) кездесуімен ашылады.

Одан кейін 17.00-де «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Ақтөбе» командалары жалғастырса, 18.00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Атырау», 20.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Ордабасы» (Шымкент) жасыл алаңға шығады.

Ал 19 қыркүйекте 17.00-де «Тараз» бен «Тобыл» (Қостанай), 19.00-де «Қайрат» (Алматы) мен «Қызылжар» (Петропавл), 21:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Шахтер» (Қарағанды) шеберлік байқасады.

20-тур нәтижесі бойынша 45 ұпаймен «Тобыл» көш басында келе жатса, одан кейінгі орындардағы «Астананың» - 44, «Қайраттың» - 37 ұпайы бар.


Соңғы жаңалықтар